A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:00 0

Найзағай, нөсер және екпінді жел: 16 өңірдің тұрғындарына ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

25 тамызда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Алматыда өткінші жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бұл жақта да төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында түнде жаңбыр жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде өткінші жаңбыр, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, кей уақытта өткінші жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Орталықта, батыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 метрге дейін жетеді. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, шығыста және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста және шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікте, шығыста және орталықта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз шығыста және оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив