A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда неке ең көп тіркелетін айлар мен өңірлер анықталды

Бүгін / Республика

Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелген. Жас жұбайлар үшін жылдың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар екені байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қай өңірлерде неке көп тіркеледі?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі мәлім еткендей, «қызықты статистика» айдарында қазақстандықтардың жылдың қай мезгілінде шаңырақ көтеруге көбірек бейім екені және қай ай неке қию бойынша көш бастағаны анықталған. 

Некелер саны бойынша алғашқы үштікте Алматы қаласы, Астана қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр. 

Қай айда жастар көбірек жұптасады?

Сонымен қатар маусым, шілде, сәуір айлары - неке ең көп тіркелетін айлар екені жарияланды. 

Маусым айында - 15 192 неке тіркелсе, шілде айында - 11 674 неке қиылған. Ал сәуір айында - 8 001 жұп некелескен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив