A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:00 0

Қазақстан мұнай өнімдерінің экспортын екі есе арттырмақ

Бүгін / Республика

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін арттыруды және шикі мұнай өндіру мен дайын өнім шығару бойынша қазіргі арақатынасты біртіндеп өзгертуді көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде жылына шамамен 100 млн тонна мұнай өндіріліп, шамамен 19 млн тоннасы өңделеді. Осылайша, өндірілген әрбір бес тонна мұнайдың шамамен бір тоннасы өңделеді.

— Сондықтан Қазақстанда жалпы қуаттылықты жылына 40 млн тоннаға дейін арттыруды көздейтін мұнай өңдеуді дамыту тұжырымдамасы әзірленді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Осы орайда ол өңдеу қуаттылығының артуы Қазақстанға көршілес елдерге дайын өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

— Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірдегі табиғи ресурстарға бай елдер екені жасырын емес. Сондықтан болашақта барлық көршімізді жоғары сапалы мотор отынымен елеулі көлемде қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Бұған қол жеткізу үшін біз өңдеу көлемін арттырып, еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтуіміз қажет, — деді министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив