A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 17:00 0

Риддерде жаңа сауықтыру орталығы салынады

Бүгін / Риддер

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, қазір нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 
– Жыл бойы жұмыс істейтін 200 орындық республикалық сауықтыру орталығын салу жоспарымызда бар. Болжамды құны – 8,3 млрд теңге. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 245 млн теңге қарастырылған, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сонымен қатар ол Риддердегі білім беру саласына қатысты бірқатар сұраққа тоқталды.
– Педагог кадрлармен қамтамасыз ету – тағы бір маңызды мәселе. Бүгінде Риддерде 28 мұғалім жетіспейді. Тапшылықты азайту үшін қалаға 12 жас педагог тартылды. Бұл жұмысты сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалғастыру қажет, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ қаладағы білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары жалғасады. №14 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды қаржыландыру мәселесі пысықталады. Бұдан бөлек, 2-3 жастағы балалар үшін қосымша мектепке дейінгі орындар ашу бойынша шаралар қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив