A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 17:15 0

Риддерде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Бүгін / Риддер

Биылғы жеті айдың нәтижесінде жалпы өнім көлемі 8,4 пайызға артып, 2,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ауыл шаруашылығындағы оң динамиканы сақтап, жергілікті өнім көлемін арттыруға басымдық беру қажет.
– Риддердің өзінің қайта өңдеу базасы құрылды. «Milkom» ЖШС жылына 7,2 мың тоннаға дейін сүт өндіреді. Сонымен қатар қалада дайын өнім көлемін арттыру үшін жергілікті шикізат көлемін көбейтіп, жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ өңір басшысы халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Бүгінде Риддердегі жайылымдардың жалпы көлемі 14,1 мың гектарды құрайды. Алайда шаруашылықтағы малды толық қамтамасыз ету үшін қосымша шамамен 3,5 мың гектар жайылым қажет.
– Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету – бөлек мәселе. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға белсенді тартып, жемшөп базасын нығайту және халықтың жайылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Қосылған құн мен жаңа жұмыс орындары Риддерде қалуы үшін «жемшөп базасы – мал шаруашылығы – қайта өңдеу – сату» бірыңғай тізбегі жұмыс істеуі керек, – деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив