Қалада туризм мен экономиканы дамыту үшін көлік инфрақұрылымын жақсартуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Риддерде туризм мен экономиканың дамуы тікелей көлік қатынасының қолжетімділігімен байланысты.
– Жол инфрақұрылымын жақсарту – маңызды міндеттердің бірі. Биыл «Өскемен – Риддер» тасжолының ұзындығы 75 шақырым болатын екі учаскесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жобаның жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайды.
Жалпы жолдарды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 185,7 млн теңге бөлінген, – деді өңір басшысы.
Жолдың жаңартылуы Риддердің көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, қалаға келетін туристер үшін де қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер