A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 12:10 0

Риддерге 13 дәрігер қажет

Бүгін / Риддер

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Риддерде жаңа аурухана кешенінің құрылысы аяқталып, нысан тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.
– Биылғы маңызды оқиғалардың бірі – құны 34,8 млрд теңгені құрайтын 200 төсек-орынға арналған жаңа көпбейінді аурухана кешенінің және ауысымына 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысының аяқталуы. Стационар ақпан айынан, ал емхана мамыр айынан бастап жұмыс істеп, бүгінде штаттық режимде қызмет көрсетіп келеді, – деді өңір басшысы. 
Сонымен қатар медицина саласындағы негізгі мәселелердің бірі – кадр тапшылығы. 
– Қазір қалада 13 дәрігерге қажеттілік бар. Кадр тапшылығын азайту үшін резидентурада травматология-ортопедия, кардиология және педиатрия бағыттары бойынша мамандар білім алып жатыр, – деді өңір басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив