A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 12:35 0

Риддердегі барлық елдімекен интернетпен қамтылады

Бүгін / Риддер

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір Риддердегі 11 елдімекеннің 10-ы интернет желісіне қосылған. Бұл қала тұрғындарының 99,9 пайызына интернеттің қолжетімді екенін көрсетеді. Алайда интернетпен қамтылмаған бір елді мекен бар. 
– Ол – шамамен 70 адам тұратын Ливино ауылы. Оны «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында интернетке қосу жоспарланған. Сонымен қатар спутниктік интернетті пайдалану мүмкіндігі де қарастырылуда, – деді аймақ басшысы. 
Бұдан бөлек, қалада ұялы байланыстың сапасын арттыруға да басымдық берілмек. 
– Осы мақсатта республикалық маңызы бар автожолдың бойында, Бутаково ауылы маңында байланыс операторларының жабдықтарын орналастыруға арналған антенна құрылысын салу көзделген, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив