A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:55 0

Риддерде жылу желілерін жаңартуға 2,6 млрд теңге бөлінді

Бүгін / Риддер

Қалада жылумен қамту жүйесін жаңарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір басшысы Нұрымбат Сақтағановтың айтуынша, шаһардағы жылу электр орталығын жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. 
– Жылу желілерінде Үкімет резерві және облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары жалғасуда, – деді әкім. 
Ол ұзындығы 3,3 шақырым болатын жылу желілерінің 12 учаскесінде жүргізіліп жатыр.
- Жұмыстар аяқталғаннан кейін станциялардың тозу деңгейін 2025 жылғы 43,3 пайыздан 41,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Ал жылу желілерінің тозу көрсеткіші 59,1 пайыздан 56,7 пайызға дейін азаймақ, - деді өңір басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив