A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 15:45 0

Самар ауданындағы ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылуда

Бүгін / Самар

Құлынжон, Көкжыра және Аққала ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған суға қол жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Самар ауданы әкімдігінің ақпаратынша, су құбыры желілерін қайта жаңғырту және дамыту жобасы 2019–2020 жылдары басталған еді. Алайда оны іске асырудың бастапқы кезеңдерінде жұмыстардың сапасыз орындалуына байланысты бірқатар мәселе туындады. Салдарынан жоба толық пайдалануға берілмей, сумен жабдықтау мәселесі бірнеше жыл бойы шешімін таппады. Тұрғындар бұл мәселені облыс әкімімен және сол кезеңде жиі ауысқан аудан басшылығымен өткен кездесулерде бірнеше рет көтерді.

- Жағдай 2025 жылы өзгерді. Сол кезде ауданның жаңа басшылығы сумен жабдықтау мәселесін бақылауға алып, нысандар бойынша жұмыстарды қайта жандандырды. Бүгінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер орталықтандырылған жүйеге қосылуда, ал жекелеген ауылдардың тұрғындары орталықтандырылған су құбыры арқылы су алып отыр. Жұмыстар Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары, Шығыс Қазақстан облысының басшылығы қойған міндеттер аясында жүргізілуде, - делінген ресми мәліметте. 

Көкжыра ауылында шамамен 140 аула бар, олардың 20-дан астамы жаңа су құбырына қосылды. Сонымен қатар бірінші кезекте мектеп пен басқа да әлеуметтік нысандар сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

— Нысандағы ағымдағы жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Жаздың басында құбыр желілеріне гидравликалық сынақ сәтті жүргізіліп, резервуар суға толтырылды. Бүгінде нысан одан әрі пайдалануға толық дайын, — деді аудандық сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері. 

Алдын ала мәлімет бойынша Көкжыра тұрғындарының жартысынан астамы орталықтандырылған жүйеге қосылуға дайын. Қазір аудан әкімдігі, ауылдық округ және коммуналдық қызмет мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үйлерді жүйеге қосу тұрғындардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау жобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Желілердің дайындығына қарай үш ауылдың тұрғындары орталықтандырылған жүйеге кезең-кезеңімен қосыла алады. Құлынжонда жүйеге әлеуметтік нысандар қосылып қойған, ал Аққалада су құбыры желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив