A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

Өскеменде тұрғын шағымынан соң қаңғыбас иттер ауланбақ

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы депутат Серік Оразғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Депутаттың сөзінше, Бажов көшесіндегі №333/3 үй тұрғыны қаңғыбас иттерді аулау жөнінде хабарласқан. Аталған мәселе бойынша тұрғынмен жүзбе-жүз кездесу үшін «Әділет» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Нүкенов, қалалық мәслихат төрағасы Александр Светаш, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі және «Элита» тұрғын үй кооперативі, №10 Орталық коммуналдық шаруашылық филиалының төрағалары барды.

- Тұрғын үлкен алабай ит оның кішкентай, қолға үйретілген итін талағанын айтты. Сөзінше, үйдің бірнеше тұрғыны иттерді тамақтандырып, оларға арнайы үйшік жасап бергенін айтып, шара қолдануды сұрады. Комиссия мүшелері ғимаратты тексеріп, шөпті шабу және иттерді аулау үшін тазалық күні қажет екенін анықтады. Биыл Прохладный ауданында бірде-бір итті аулау операциясы болған жоқ, сондықтан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 3 қыркүйекте иттерді аулау тобын жібереді, - деді депутат.

Шағымданушыға иттерді тамақтандыратын адамдарға қарсы полицияға арыз жазу ұсынылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив