A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін / Өскемен

Қала әкімінің орынбасары лауазымына Нұржан Тілеубаев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдіктің ресми сайтында оның 27 тамыздан бастап орынбасар қызметіне тағайындалғаны жазылған. Нұржан Тұрсынбайұлы 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша, ал 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын білім беру саласынан бастаған. 2000-2004 жылдары Қарасай ауданындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істесе, 2004-2005 жылдары Қаскелең қаласындағы А. Байжанов атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. Жалпы, екі жоғары білім бар.

Кейін ол мемлекеттік қызметке ауысты. Қарасай ауданы мен Қарасай қалалық округі әкімдері аппараттарында, Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімінде және Алматы облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. 
2011-2014 жылдары облыс әкімінің көмекшісі қызметін атқарды. 2014 жылы Алматы облысының Еңбек инспекциясы басқармасын басқарып, бір мезгілде бас еңбек инспекторы қызметін де атқарды. 
2014-2025 жылдары ол «M.Demeu Tur» ЖШС-нің бас директоры болды. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары «Күрті-Саяхат» ЖШС-де аға қорықшы болып жұмыс істеді.
2025-2026 жылдары ол Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының Қаржы және мемлекеттік қызметтер бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды. 
2026 жылы Маңғыстау облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив