Хабарласқан әйел белгісіз ер адамның дүкен маңында мойнынан алтын алқаны жұлып алып, қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Ішкі істер органдарын қорғау жөніндегі жедел басқару орталығының 102-бөліміне шаһардағы Назарбаев даңғылында күндіз қарақшылық жасалғаны туралы хабарлама түскен.
Хабарласқан әйел белгісіз ер адамның дүкен маңында мойнынан алтын алқаны жұлып алып, қашып кеткенін айтты. ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, жәбірленуші оқиға орнында қалып, полицияның келуін күткен.
Үлбі полиция бөлімі қызметкерлері күдіктіні дереу іздеуге кірісті. Бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы қызметкерлер ұрының бағытын анықтады. Көп ұзамай полиция қызметкерлері 37 жастағы күдікті ұстады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер