A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:05 0

Өскеменде «Таза Өскеменнің» бұрынғы басшысының ісі қаралып жатыр

Бүгін / Өскемен

Кеше «Таза Өскемен» компаниясының бұрынғы басшысы Асхат Тәженов, оның орынбасары Ардақ Әбділдинов және кәсіпкер Игорь Федосовтың ісі бойынша алғашқы апелляциялық сот отырысы өтті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

2 шілдеде бірінші сатыдағы сот үшеуін де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы алаяқтық бойынша айыптап, Асхат Тәженовты алты жылға бас бостандығынан айырған. Қорғаушы тарап үкіммен және тағайындалған жазамен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданды.

Бірінші сот отырысында мемлекеттік айыптау тарапы бірінші сатыдағы сот шешімін бұзуды талап етті. Белгілі болғандай, айыпталушылардың әрекеттерін жіктеп, процессуалдық ережелерді сақтау туралы сұрақтар туындаған.

Асхат Тәженов кінәсін мойындамады. Ол барлық қажетті жұмыс толық орындалғанын айтып, қастандық пен алаяқтықты жоққа шығарады.

– Тағайындалған жаза қатаң. Қасақана немесе жымқыру болған жоқ, барлық жұмыс толық орындалды. Менің екі балам бар, олардың кішісі аутизм синдромымен ауырады. Өзім қант диабетімен ауырамын. Мені ақтауды сұраймын, – деді Таженов.

Келесі апелляциялық сот отырысы 29 қыркүйекке белгіленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив