A+ A A-

talgatzhan 54 15-11-2024, 12:30 0

Айнабұлақ ауылындағы үйлер құрылысы жеке инвесторлар есебінен жалғасуда

Бүгін / Зайсан

Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында «Бірқабатты Шығыс бағдарламасымен жүріп жатқан құрылыс барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұмыс биыл жазда басталған. Қауырт тірлік біткен соң баспана кілті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі. Бұлар үш және төрт бөлмелі пәтерлер. Аудан әкімінің орынбасары Данияр Серіковтің мұның алдында редакция сұраухатына берген жауабында үйлер оффтейк-келісімшарт негізінде жеке инвесторлар есебінен салынғаны жазылған болатын. Баспана салуға қаражат республикалық және облыстық қазынадан бөлінді. Ресми ақпаратқа сәйкес үй салуға ниет білдірген жеке инвесторлар меморандум жасасады. Олардың ауданда тіркеліп тұрулары міндетті емес. 

 
– Қиындықтар байқалмайды. Осы екпінмен жұмыс істей береміз. Құрылыс материалдары жеткілікті, – деді жұмысқа жауаптылардың бірі.
Жуықта берілген ақпаратқа сүйенсек, Зайсан ауданы бойынша жалпы 1600-ден астам адам баспана кезегінде тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив