A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:10 0

ШҚО-да биыл былтырғыдан үш есе аз жол жөнделеді

Бүгін / ШҚО

Жол жұмыстарына 25,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми мәлімет облыс әкімдігі отырысында айтылды. Мәлім болғандай, өңірде биыл жолдар мен көшелердің 300 шақырымын жөндеп, күтіп ұстау жоспарланып отыр. Ал былтыр жұмыс көлемі 856 шақырымды құраған.
Биыл жол инфрақұрылымына 25,5 млрд теңге қарастырылған. Жыл қорытындысында билік облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 94% болған.
 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ақпаратынша, биыл өңірде туристік орындарға апаратын жолдарды жөндеу де жалғасын табады. Атап айтқанда, Үлкен Нарын, Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сібе көлдері және Марқакөл көлі бағыттарындағы жолдар жөнделеді. Барлық учаскелердің жалпы ұзындығы - 215 шақырым.
Сонымен қатар Өскеменнен Ресей шекарасына дейінгі жолды жөндеу жалғасып жатыр. Учаскеде жол негізін ресайклинг жасап, асфальтбетонның екі қабатын төсеу қарастырылған. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив