A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 12:20 0

Өскеменде ата-аналар оқулықтардың сапасына наразы

Бүгін / Өскемен

Кейбір оқу құралы 2017 жылы сатып алынған және содан бері қайта басып шығарылмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Еске сала кетейік, шаһарда ата-аналар оқулықтардың жағдайына шағымданған болатын. Атап айтқанда, 5 және 6-сыныптарға арналған кітаптардың сыртқы жағдайы наразылық туғызған. Ата-аналардың айтуынша, оқулықтар қолға алсаң шашылып кететіндей күйде. Кітаптарды қолданысқа жарамды ету үшін оларды желімдеп, жапсыруға тура келген.

Қалалық білім бөлімі өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 5-сынып оқулықтары 2017 жылы сатып алынған және содан бері қайта басып шығарылған жоқ. Оларды жаңарту мәселесі жыл сайын қаралады.

– Оқушыларға тегін берілетін оқулықтардың жақсы жағдайда сақталуы маңызды, өйткені кейін оларды басқа балалар пайдаланады. Бұл мәселеде бірлескен жұмыс қажет. Яғни, оқушылар оқулықтарға ұқыпты қарауы тиіс, ал сынып жетекшілері мен кітапханашылар олардың сақталуын үнемі бақылап, пайдалану ережелерін уақтылы еске салып отыруы қажет, – делінген қалалық білім бөлімі берген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив