Оның ішінде 134 053 пациент дәрігер рецепті бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова енді дәрілерді арнайы сервистан алуға болатынын жеткізді.
– Дәрі-дәрмек алу үшін жарамды электронды немесе қағаз рецепт, жеке басын куәландыратын құжат қажет. Сонымен қатар дәрі-дәрмекті eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы QR-кодтың көмегімен алуға болады, – деді Айнаш Капанова.
Сондай-ақ дәрілерді өзі ғана емес, оның заңды өкілі де ала алады.
– Балаға арналған дәріні ата-анасы, болмаса заңды өкілі алуға құқылы. Денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты препаратты өздігінен ала алмайтын азаматтарға да дәрі-дәрмекті заңды өкілі арқылы алуға рұқсат етіледі, – деді орынбасар.
Пікірлер