A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:45 0

ШҚО-да 600-ге жуық дәрілік препараттың бағасы төмендеген

Бүгін / ШҚО

Дәрі-дәрмектердің жартысына жуығы, яғни 1 267 препарат бұрынғы бағасын сақтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратпен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Мақпал Рахимжанова бөлісті. Айтуынша, дәрі-дәрмек бағасына жүргізілген мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 дәрілік заттың атауын қамтыған.
– Дәрі-дәрмектердің жартысына жуығы, яғни 1 267 препарат бұрынғы бағасын сақтаған. Бағасы төмендеген дәрілер қатарында жұқпалы, жүрек-қан тамырлары және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар, – деді Мақпал Рахимжанова.
Маманның айтуынша, тұрғындар дәрі-дәрмек бағасын арнайы мобильді қосымша арқылы да тексере алады.
– Сатып алушыларға дәрі-дәрмек бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Сол қосымша арқылы препараттың өндірушісі мен дистрибьюторын, оның сатылатын дәріханасын, сондай-ақ бағасын білуге болады, – деді бөлім басшысы.
Бұдан бөлек, 589 дәрілік препараттың бағасы төмендегені белгілі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив