Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны бір жылда 17,5%-ға өсіп, 19,6 мыңға жуықтады. Бұл ретте кафе санының өсімі айтарлықтай байқалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Стат бюроның дерегінше, былтыр Қазақстанда 19 588 қоғамдық тамақтану нысаны тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп.
2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану нысаны болған. Қоғамдық тамақтану орындарының саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер — Алматы қаласы (3 522 нысан), Астана қаласы (2 761) және Қарағанды облысы (1 275). Мейрамханалар саны жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ: олардың саны 666 нысанға артып, 3 024-ке жетті.
Асханалар саны 5,7%-ға өсіп, 5 618-ден 5 940 нысанға дейін көбейді. Әсіресе кафелер санының өсімі байқалады — олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін артып, өсім 15,1%-ды құрады.
Мейрамханалардың ең көп саны Астана қаласында (654), Алматы қаласында (602) және Батыс Қазақстан облысында (248) шоғырланған. Кафелер саны бойынша Алматы қаласы (1 036), Астана қаласы (809) және Қарағанды облысы (485) көш бастап тұр. 2025 жылы тамақтану және сусындар ұсыну саласындағы қызметтердің көлемі 2,1 трлн теңгені құрады.
Пікірлер