Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасы бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын.
Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды.
Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.
Пікірлер