A+ A A-

talgatzhan 6 Бүгін, 16:30 0

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға ректор тағайындалды

Бүгін / ШҚО / Басты

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры болып Гүлжан Жарасова тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Туған жері

Гүлжан Сағидуллақызы 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтаған.

Еңбек жолы

1996-2015 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, зерттеушісі, бөлім бастығы, департамент директоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары.

2016–2019 жылдары – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, ректордың м.а.

2020 жыл – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары.

2020-2021 жылдары – Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры.

2021-2022 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ проректоры-басқарма мүшесі.

2023 жылдың қараша айынан осы қызметіне дейін ҚР ҒЖБ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін аталған лауазымда Мұхтар Төлеген отырған болатын.

Фото: shko.akim.official

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив