2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында шаһар тұрғындарын әлеуметтік көмірмен қамтамасыз етуге бағытталған Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Меморандум бойынша биыл халықты 30 000 тоннаға дейін әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Әлеуметтік көмірді келесі кәсіпорындар өткізеді:
1) “Сейком” ЖШС – Қаражыра тас көмірі,
2) “Уголь-Достык” ЖШС – Майкүбі көмірі,
2) “Топливная компания Терминал” ЖШС – Қаражыра тас көмірі.
Баға жағына тоқталсақ:
Қаражыра тас көмірі («Сейком» ЖШС) негізгі бағасы тоннасына 17 500 теңге, ал әлеуметтік бағасы тоннасына 17 000 теңге; Қаражыра тас көмірі («Топливная компания Терминал» ЖШС) негізгі бағасы тоннасына 17 700 теңге/тонна, әлеуметтік бағасы тоннасына 17 200 теңге; Қаражыра тас көмірі («KZ-BROKER» ЖШС) – тоннасы 17 500 теңге, Қаражыра тас көмірі («РОНиКОМ» ЖШС) тоннасына 17 800 теңге, Майкүбі көмірі («Уголь-Достык» ЖШС) сатылып жатқан жоқ. Ал Қаражыра калибрленген көмірі («Антрацит» ЖК) тоннасы 22 500 теңге.
Бағдарламаға қатысатын кәсіпорындарда әлеуметтік көмір негізгі бағадан 500 теңгеге арзан бағада сатылады. Әлеуметтік көмірді сатып алуға өтінімдер аумақтық басқару орталықтарының (АБО) филиалдары арқылы қабылданады.
Өскемен әкімдігі жеке тұрғын үй иелерін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қорын алдын ала сатып алуды сұрады.
Фото: Tarazy.kz
Пікірлер