Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласы, Ұлан және Глубокое аудандарындағы экопарк жобаларының қазіргі жағдайы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, шаһардағы Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан «Қайың тоғайы» экопаркінде 7 гектар аумақ абаттандырылып жатыр. Жұмыстың 60%-ы аяқталды, яғни тұрақ алаңдары мен пирс дайындалған. Геотекстильдер мен қиыршық тас төселді. Сондай-ақ, аумақ қураған ағаштан тазартылып, жаяу жүргіншілер аймақтары абаттандырылып, көгалдандыру нысандары орнатылуда.
Глубокое ауданында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таулы Үлбі ауылы маңында жаяу жүргіншілер жолы құрылысының шамамен 70%-ы аяқталды. Ойын алаңдары мен басқа да көгалдандыру элементтері орнатылады.
Нұрымбет Сақтағанов жұмыс барысын үнемі бақылауда ұстап, эко-саябақтардың сапасы мен тұрғындар үшін қолжетімділігіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Пікірлер