Қазақстанда автомобиль жолдары бойындағы электр көліктерін қуаттау станцияларының желісі кеңейіп келеді. Қазір елдің негізгі бағыттарында 13 өңірді қамтитын 62 станция жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, «Алматы – Өскемен» тасжолында алты электр қуаттау станциясы бар. Жалпы желі елдегі бірқатар маңызды көлік бағытын қамтиды. Мәселен, «Астана – Алматы» автожолында 13 ЭҚС, ал «Астана – Петропавл» бағытында жеті станция жұмыс істейді.
Қолданыстағы ЭҚС-тардың қуаты 60-тан 320 кВт-қа дейін жетеді. Бұл электромобиль иелеріне республикалық және халықаралық негізгі бағыттар бойынша сапар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар электр қуаттау станцияларының желісін кеңейту жұмыстары жалғасады. Биыл халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында электр қуаттау станциялары орналасатын 27 жаңа нысан салу жоспарланған.
Пікірлер