Елдімекендер, саяжай мен жолдар маңында аюлар жиі байқалды деген хабарламалар жыл сайын көбейіп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының соңғы мәліметтеріне сенсек, қазір аймақта 3296 аю бар.
Жақында саяжай қауымдастығында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарын аударды. Онда қонжықтарын ерткен маймақтың аулаға келіп, су құйылған ыдысты тауып алғанын көреміз. Кадрдан аюлардың суда рахаттанып шомылғанын байқауға болады.
Маңайда аюлардың жүргені туралы хабарламалар облыстың барлық дерлік ауданынан түсіп жатқан көрінеді.
Пікірлер