A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:15 0

«Кінәлі өз есебінен жөндеуге міндетті»: Тереңсайдағы тасжол бүлінді

Бүгін / ШҚО

Шынжыр табанды экскаватор серпантин жолмен жүріп өтіп, ел арасында Осинов асуы аталатын аумақтағы жол бетін бүлдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Оқиға 7 қыркүйекте «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолында тіркелген. Болған жағдайды куәгер телефонға түсіріп алған. 
«Қазавтожол» ҰК» АҚ аймақтық филиалы бейнежазбаға түсініктеме беріп, осы бойынша құқық қорғау органдарына есеп беру үшін қажетті залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатқандарын алға тартты.
– Кінәлі анықталып, жауапкершілікке тартылады. Филиал мамандары учаскені комиссиялық тексеруден өткізіп, ақау туралы акт жасайды. Кінәлі барлық залалды өз есебінен толық жөндеуге міндетті, – делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив