Ауыр халдегі науқастар бірнеше ай бойы палаталарда ем алған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының жансақтау бөлімі заманауи жабдықтармен қамтылды. Ғимаратты қайта жөндеу былтыр басталған болатын. Жұмыс барысында жансақтау бөліміндегі төсектер аурухананың басқа бөлімдеріне уақытша орналастырылды.
Ресми ақпаратқа сенсек, өндеу кезінде ғимарат толығымен өзгертілді. Ішкі аумақтар жаңартылып, палаталар мен жұмыс бөлмелерінің орналасуы ыңғайлы етілді. Медициналық қызметкерлер үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Бөлім іші де енді анағұрлым жарық болып, біршама кеңіп қалды.
Пікірлер