Өңірде 16 мобильді топ тұрақты жұмыс істейді. Олардың құрамына ШҚО Полиция департаменті аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мобильді топтардың негізгі міндеті сол, елдімекендердегі тазалықты сақтап, тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Өскеменде полиция қызметкерлері аумақтық басқару орталығы өкілдерімен бірлесіп, қала аумағында жиналған қоқысты жою бойынша жұмыстар жүргізді. Аталған учаскелер ірі көлемді қоқыстан тазартылды.
Акция басталғалы облыста 155 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Оның 130-ы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жойылды.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері өңірде абаттандыру саласында 7 225 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғаларға 80 ұсыныс енгізілді.
Пікірлер