A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:00 0

«Елімізде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек»: Бектенов Еңбек министріне тапсырма берді

Бүгін / Республика

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтан еңбек нарығындағы жағдай мен бос жұмыс орындары туралы сұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов:

– Еңбек нарығындағы жағдай қалай болып жатыр? Қанша вакансия бар? Қандай тенденция жүріп жатыр?

Асқарбек Ертаев:

– Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс берушілер 845 мың бос жұмыс орнын жариялады. Оның 432 мыңы – жұмысшы мамандықтары. Жалпы, азаматтарымыздың 60-70 пайызы сол еңбек порталы арқылы жұмыс табады. Бірақ жұмыс орындарының 30-40 пайызы толтырылмайды. Сол себепті жұмыс берушілер бос орындарды уақытылы толтыру үшін шетелдік жұмысшыларды тартады. Жыл сайын елімізге 300 мыңдай шетел азаматы жұмыс істеуге келеді. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қазір қосымша цифрлық жүйені іске қосып жатырмыз.

Олжас Бектенов:

– Бір миллионға жуық жұмыс орны бар. Яғни жұмыс істеймін деген адамға жұмыс әрдайым табылады.

Асқарбек Ертаев:

– Жұмыс бар. Істеймін деген адамға жұмыс бар.

Олжас Бектенов:

– Мыңдаған адамды, мамандарды шетелден алып келуге мәжбүрміз. Осы жұмыс тоқтап қалмасын деп, солай ма?

Асқарбек Ертаев:

– Солай.

Олжас Бектенов:

– Мұны халыққа дұрыстап түсіндіру қажет. Елімізде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек. Солай ма?

Асқарбек Ертаев:

– Қабылданды.

Фото: BAQ.KZ сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив