A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 15:25 0

2,5 жылда ШҚО-дан 9000-нан астам адам басқа жаққа қоныс аударған

Бүгін / ШҚО

Уақыт өткен сайын ірі қалаларға қоныс аударып жатқандар саны артып келеді. Кей аймақта демографиялық ахуал нашарлап, тақырып өз алдына жеке мәселеге айналып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соңғы жылдары өңірде халық санының көші-қон есебінен азаю үрдісі байқалады. Ұлттық статистика бюросы деректерін талдасақ, соңғы 2,5 жыл ішінде Шығыс Қазақстанның таза көші-қон шығыны – 9 004 адам. Бұл жерде 2024-2025 жылдар және 2026 жылдың алғашқы алты айындағы статистика ұсынылды.

Көші-қонның негізгі бағыты – Қазақстанның басқа өңірлері. Шығыс Қазақстанда 2,5 жылда 9 226 адам қалаға қоныс аударыпты. Ал халықаралық көші-қонға келсек, осы аралықта Шығыс Қазақстан облысынан 2 044 адам шетелге ресми түрде көшіп кетті. Басым бөлігінің таңдауы – Ресейге қоныс аударған. Ол жаққа кеткендердің нақты саны – 1 928 адам.

Жалпы Қазақстан бойынша осы 30 айда 22 651 адам шетелге кеткен. Оның шамамен 65 пайызы, яғни 14 744 адам Ресейге орнықты. Кейбірі Германия, Қырғызстан, Польшаға қоныс аударды.

Айта кетейік, көші-қон есебінен халқы азайған өңірлер қатарында ШҚО-дан бөлек, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Маңғыстау облыстары да бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив