Экономика және бейбітшілік институты (IEP) жариялаған Global Peace Index 2026 (Жаһандық бейбітшілік индексі) нәтижелері бойынша, Қазақстан әлемнің 163 елінің арасында 44-орынға жайғасып, ең бейбіт ТОП-50 мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бірінші орынды Исландия, соңғы орынды Ресей иеленді.
Орталық Азия елдерінің рейтингтегі орналасуы:
Өзбекстан – 37-орын (1,726 балл)
Қазақстан – 44-орын (1,771 балл)
Тәжікстан – 47-орын
Қырғызстан – 61-орын
Түрікменстан – 66-орын
Global Peace Index 2026 рейтингінің алғашқы орындарын Исландия, Жаңа Зеландия және Швейцария иеленуде. Олардан кейінгі 4 және 5-орындарды сәйкесінше Словения мен Ирландия өкілдері еншіледі.
Global Peace Index 2026 рейтингінің соңғы сатыларында Ресей – 163-орын, Судан – 162-орын және Конго Демократиялық Республикасы – 161-орында орналасқан. Олардан сәл жоғарырақ Украина – 160-орын, Израиль – 159-орын, Оңтүстік Судан – 158-орын және Ауғанстан – 157-орынға тұрақтады.
Индекс елдердегі бейбітшілік пен тұрақтылық деңгейін үш негізгі бағытқа біріктірілген 23 көрсеткіш негізінде есептейді: қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп, жалғасып жатқан ішкі және халықаралық қақтығыстар, сыртқы қақтығыстарға тартылу дәрежесі, сондай-ақ милитаризация деңгейі.
Пікірлер