Бұдан былай өскемендік «Торпедо» хоккей клубын Бауыржан Қази басқарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бауыржан Мұратұлы 1985 жылы 17 мамырда Өскеменде дүниеге келген. Ол 2007 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды (қазіргі ШҚУ) «Алғашқы әскери дайындық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін аталған оқу орнында «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша білім алды.
Бауыржан Қази спорт саласында да бірқатар қызмет атқарды.
1) 2011-2015 жылдары Өскемендегі волейбол клубында директордың орынбасары қызметін атқарды.
2) 2015-2017 жылдары Ұлттық лигада өнер көрсеткен «Алтай» әйелдер волейбол клубының аға жаттықтырушысы болды.
3) 2023 жылдан бері «Берел» кәсіби волейбол клубын басқарды.
Ал «Торпедоның» бұған дейінгі директоры Виктор Быстрянцев клубта спорт жөніндегі директордың орынбасары қызметіне ауысты.
Пікірлер