Су айдындарын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 28 адамды құтқарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сенсек, биылғы шомылу маусымында 10 адам суға батқан. Қайғылы жағдайлардың барлығы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелді.
Су айдындарын патрульдеу барысында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 28 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды. Облыс акваторияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 8 құтқару бөлімшесі жұмыс істеді. Сонымен қатар 38 құтқарушы-дружинник арнайы оқытудан өтті.
Аумақтық бөлімшелер, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер тарапынан судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіруге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 1800-ден астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылды. Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 102 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, өңірде шомылуға 93 орынға тыйым салынған.
Пікірлер