A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да екі донор бірнеше науқасқа жаңа өмір сыйлады

Бүгін / ШҚО

Өскеменде үш күн ішінде екі донорлық операция жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алынған ағзалар кейін Алматы мен Астана қалаларындағы медициналық орталықтарда ағза күту тізімінде тұрған пациенттерге трансплантацияланды. Бір донордың жүрегі мен бауыры алынды. Екінші донордың жүрегі, бауыры, өкпесі және екі бүйрегі алынды.
Ағзалар үш орталыққа жіберілді. Олар: University Medical Center (UMC)  корпоративтік қоры, Ұлттық ғылыми онкология орталығы (Астана) және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы (Алматы). 
 – Осындай әрбір донорлық жұмыстың артында тәулік бойы жұмыс істейтін үлкен мамандар тобы, реаниматологтар, трансплантологтар, хирургтер, үйлестірушілер, мейірбикелер және басқа да медицина қызметкері бар. Органдарды мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде алып, трансплантациялық орталықтарға жеткізу қажет, – деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасы орны толмас қайғы жағдайында басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдайтын донорлар мен олардың отбасыларына ерекше алғысын білдіреді.
- Қазақстанда трансплантацияға мұқтаж науқастардың бірыңғай күту парағы қалыптастырылған. Реципиентті таңдау медициналық көрсеткіштер мен донорлық органның сәйкестігі ескеріле отырып жүргізіледі, - деп атап өтілген gov.kz порталында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив