A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да биыл 13 600-ден астам адам жұмыспен қамтылды

Бүгін / ШҚО

Бұл көрсеткіш 2026 жылға арналған Аймақтық жұмыспен қамту картасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 17 440 тұрғынды жұмыспен қамтуды көздейтін жылдық жоспардың 78%-ы орындалды. Ал жұмыспен қамтылғандардың 9 976-сы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Өңірдегі еңбек нарығының жағдайы туралы деректер аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысқан үкімет отырысында ұсынылды. Жиын барысында тиісті ведомстволардың басшылары өнеркәсіп, энергетика, газ және басқа да саладағы жұмыс күшінің жағдайы туралы есеп берді. Одан бөлек, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық инфрақұрылымын дамыту және мамандарды даярлауды жетілдіру туралы да айтылды. 
Мамандар сөзінше, өңірде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да саланың дамуы білікті кадрларға деген қажеттілікті туындатып отыр. Анықталғандай, жаңа жобаларға мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Атап айтқанда, Зайсан мен Катонқарағай аудандарында салынып жатқан әуежайлар үшін 46 адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өткен. 
Сонымен қатар, жыл басталғалы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста жоспарланған 4142 жұмыс орнының 5270-і құрылды. Осылайша, мақсат 127%-ға орындалды.
Қазір облыстағы Электронды жұмыспен қамту биржасында 7540 бос жұмыс орны тіркелген. Ұсыныстардың көбі білім беру және оқыту, өндіріс, көлік және логистика, денсаулық сақтау, құрылыс және энергетика салаларында байқалады. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту әлі де жалғасып жатыр. Жалпы, биыл жыл біткенше 440 адам сұранысқа ие 79 мамандық бойынша оқытылады деп күтілуде. Оқуға жіберілген 241 адамның 156-сы оқуын аяқтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив