12-13 қыркүйекте «MAXI MALL» ойын-сауық орталығында панкратионнан ашық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жекпе-жекке кез келген адам қатыса алады. Ұйымдастырушылар сөзінше, панкратион – бұл жай ғана спорт емес, философия, мәдениет және өнер.
– Оның бай тарихы мен сан алуан әдіс-тәсілдері панкратионды жекпе-жек өнері әлеміндегі бірегей бағыттардың біріне айналдырады. Кәсіби жауынгер болып, дене дайындығыңызды жақсартқыңыз келсе де, панкратион сізге даму мен өзін-өзі жетілдірудің көптеген мүмкіндіктерін ұсынады. Өскеменде өтетін ашық турнир жас спортшылар мен енді бастап келе жатқан жауынгерлерге әртүрлі жас санаттарында шеберліктерін сынауға мүмкіндік береді, – делінген ақпаратта.
Турнир Сәтпаев даңғылы, 51 мекенжайында өтеді.
Пікірлер