Ыстық су өшірілген мекенжайлар арасында Назарбаев даңғылы мен Қашаубаев, Ғарышкер көшелері бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы «Шығыс жылу» АҚ бөлісті. Кеше қаланы жылумен қамту компаниясы тұтынушыларға орталық көшелердегі бірнеше ғимарат кешке дейін ыстық сусыз қалатыны туралы айтты. Оған себеп - жылу желісіндегі ақауды жөндеу.
Назарбаев даңғылы мен Қашаубаев, Ғарышкер, 30-шы Гвардиялық дивизия, Потанин және Серікбаев көшелеріндегі кейбір көпқабатты үйде ыстық су уақытша өшіріледі.
Пікірлер