Президент Әкімшілігінің келісімі және өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов өкіміне сәйкес Айдар Садырбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айдар Серікқазыұлы Садырбаев 1986 жылғы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысына қарасты Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Бородулиха ауданы Переменовка ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші, бас маман, басшы орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының ішкі саясат басқармаларының басшысы болды.
Пікірлер