Зайсан ауданының тұрғыны шенеуніктердің әрекетіне сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның арызы Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты еді. Анықталғандай, отбасыны мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінен шығаруға еш негіз жоқ.
- Арыз берушінің отбасы көпбалалы екендігі іс материалдарымен расталды, - делінген ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ақпаратында.
Ер адамның баспанаға кезегі қалпына келтірілді.
Пікірлер