Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Жол жылы аясында облыста 600 шақырымнан астам тасжол жөнделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал Зайсан ауданында 50 шақырым жол жөндеуден өтті. Оның ішінде Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар бағытындағы тасжолдың 12,5 шақырымы бар. Сондай-ақ елдімекендердегі 26,2 шақырым көше жөнделді.
Айта кетейік, Нұрымбет Сақтағанов келесі жылы Сәтбай аэродромында жаңа әуежайдың салынатынын айтты. Аталған жоба «Қазаэронавигация» АҚ есебінен жүзеге асырылмақ.
Пікірлер