A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:35 0

«Рахман қайнарларына» апаратын жол жөнделіп бітті

Бүгін / Катонқарағай / Басты

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» тасжолының бұл учаскесі алдағы демалыс күндері ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде республикалық тасжолдың 437-ші шақырымнан 450-ші шақырымға дейінгі бөлігінде орта мерзімді жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өткен жылы бұл учаскеде қатынау қиын еді. Төрт метрлік тар жол, жартас жоталары және күрделі тау бедері жол талғамайтын көліктердің де жүруін қиындатқан.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аймақтық филиалы мәліметінше, құрылысшылар биік таулы жағдайларда, тік тасты беткейлерде жұмыс істеген. Кей жерлерде жабдықтар қосымша қауіпсіздік кабельдерімен бекітілген.
– Біз жолдың соңғы шақырымының үстіңгі қабатын қалай төсегенін көрдік. Бұл бір ерекше сезім. Берелдің үстіндегі айналма жол бойымен көтерілгенде тасжолдан Мұзтаудың керемет көрінісін көруге болады. Бұл Шығыс Қазақстан облысының туристік инфрақұрылымының керемет жетістігі, – деді кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив