A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 11:25 0

Қазақстан прокуратурасының делегациясы Бас прокурорлар үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

Бүгін / Республика

Бас прокуратура делегациясы Бас прокурор Берік Асыловтың басшылығымен Қазанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 36-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Отырыста Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қадағалау органдарының басшылары активтерді іздеу және шетелден қайтару саласындағы заманауи сын-қатерлер мен жаңа шешімдерді, сонымен бірге халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттарды қолдану, бірлескен бағдарламаларды іске асыру және прокуратура органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді.

Өз сөзінде қазақстандық қадағалау органының басшысы активтерді қайтару саласындағы жұмыстың нәтижелерін атап өтіп, соңғы 3 жылда мемлекетке 2,8 млрд АҚШ доллары көлемінде активтер қайтарылғанын, олар денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және білім беру салаларын қоса алғанда, 466 әлеуметтік және коммуналдық объектінің құрылысына бағытталғанын атап өтті.

 

Отырыс қорытындысы бойынша заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа, оның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан бөлек, өткен іс-шара аясында Қазақстан делегациясының басшысы Ресей, Беларусь және Қырғызстанның бас прокуратураларының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіп, олар барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының бас прокуратураларымен 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылды, олар прокурорлық қызметтің түрлі бағыттары бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді және тәжірибе алмасуды көздейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының бас прокуратуралары арасында активтерді қайтару саласындағы Серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен жұмыстың практикалық тетіктерін дамыту көзделді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив