A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда 32 шетелдік университет жұмыс істейді

Бүгін / Республика

Елімізде 32 шетелдік университет түрлі форматта жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2025 жылы қыркүйекте елімізде бірқатар шетелдік ЖОО-лардың филиалдары ашылды.

- Олардың қатарында Cardiff University, Coventry University, Woosong University, Дессаудағы Анхальт жоғары оқу орны және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) филиалдары бар. Ал De Montfort, Coventry, Cardiff және Woosong университеттерінің филиалдары дербес жұмыс істейтін жоғары оқу орындары ретінде құрылды, - деді спикер.

Сонымен қоса, ол қазақстандық ЖОО-ларда Лу Бань атындағы үш шеберхана жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұдан бөлек, ол шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламалары көбейген сайын олардың сапасына ортақ талаптар қажет екенін еске салды.

- Шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламалары көбейіп келеді. Сондықтан олардың сапасына қойылатын ортақ талаптарды айқындау қажет, – деді Талғат Ешенқұлов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив