A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 14:20 0

Қазақстанда балаларға қандай есімдер ең жиі қойылып жүр

Бүгін / Республика

Жыл басталғалы елде ұлдарға ең жиі қойылған есім – Алан, ал қыздар арасында Айлин болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Асылым мен Айлин көш бастады

Айлин есімі 3 299 қыз балаға қойылған. Екінші орында Асылым – 2 919. Негізі осы екі есім арасында аз-кем «бәсекелестік» болды. Себебі, екінші жартыжылдықта бауыр еті баласына Асылым деп есім қойғандар көбейді. Ал үшінші орында Медина – 2 117. Қыздар арасында Зере, Аяла, Айша, Томирис және Сафия есімдері де алғашқы ондыққа енді.

Ұлдар арасында Алан есімі 1 990 балаға қойылды. Бұл жерде Хамза есімі де көп таңдалғанын айта кеткен орынды. Омар, Мұхаммед, Айбар есімдері тізімнен түскен жоқ. Екінші орында – Алихан тұр. Елде мұндай есімге ие 1 459 бала бар.

Ұқсас есімдер де бар

Жалпы, рейтиңде бір есімнің әртүрлі жазылу нұсқалары да жеке есептелді. Айталық, қыздар арасында Мариям мен Мәриям, Айша мен Аиша, бөлек көрсетілген. Ұлдар тізімінде Мұхаммед пен Мухаммадты мысал етсек болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив