12 қазанда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қазанда Жезқазған, Балқаш, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Ауаның ластану деңгейін айқындайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура жатады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
• Ашық ауада болу уақытын, әсіресе автомобиль жолдары мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде, қысқарту қажет. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн.
• Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық дерттері бар адамдар сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
• Ашық ауадағы дене жүктемесін шектеген жөн. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.
Пікірлер