A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:00 0

Елімізде сауда көлемі 61 трлн теңгеге жетті

Бүгін / Республика

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің тұрақты өсімі байқалады. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

– Физикалық көлем индексі 106,2%-ды құрап, сауда көлемі 61 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 16%-ға жоғары. Көтерме сауда 16%-дан асса (40,7 трлн теңге), бөлшек сауда 15%-ға (20,5 трлн теңге) өсті, – деді ол.

Сонымен қатар, тоғыз айда еліміздің барлық өңірінде жақсы көрсеткіш сақталды. Тауар айналымының 70%-дан астамы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және Атырау мен Қарағанды облыстарына тиесілі.

Ең жоғары өсім көрсеткендер:

Түркістан облысы – 128,6%;

Шымкент қаласы – 123%;

Алматы облысы – 120,5%;

Павлодар облысы – 118,2%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 116,1%.

Министрдің сөзінше, негізгі өсімді он тауар тобы қамтыды. Олар тауар айналымының 70%-дан астамын қамтамасыз етті. Аталған өнімдерге автокөліктер, тұрмыстық техника, фармацевтикалық өнім, сусындар, азық-түлік өнімдері, сондай-ақ құрылыс материалдары сияқты өңделген тауарлар жатады.

Одан бөлек, Арман Шаққалиев сауданың одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін шаралар кешені іске асырылып жатқанын атап өтті.

Фото: dknews.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив