A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:00 0

Қазақстандықтар ел ішінде жиі саяхаттай ма: жаңа статистика

Бүгін / Республика

Қазақстанда ішкі туристер саны жеті жылда 3,37 млн адамға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— 2019 жылы еліміздегі орналастыру орындарының қызметін 5,29 млн ішкі турист пайдаланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,66 млн адамға жетті. Осылайша, жеті жыл ішінде ел ішінде саяхаттайтын азаматтар саны 3,37 млн адамға артты, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ішкі туристер санын 11 млн адамға жеткізу міндеті белгіленген. Осы мақсатта туристік саланы дамытудың жаңартылған тұжырымдамасы аясында алты бағыт бойынша 66 іс-шара қарастырылған. Негізгі басымдықтар — инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту, туристік өнімдерді дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив