A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:20 0

«Ассаламағалейкум, Аяжан деш»: Семейде қонақүйде жанжал шығарған тұрғын бес тәулікке қамалды

Бүгін / Республика

Оқиға 12 қазан күні сағат таңертең сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешенінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні қабылдаудан бас тартқан. Бұған наразы болған ол жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескертулер жасалса да, маңайдың тыныштығын бұзуды жалғастырған көрінеді.

Полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы Аяжан Жұманқұлова болып шықты.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив