A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 18:00 0

Кітапханаларды мемлекеттік тілдегі заманауи әдебиеттермен толықтыру қажет — депутат

Бүгін / Республика

Ауылдардағы кітапхана қорын жаңарту қажет. Бұл туралы Құрылтайдың жалпы отырысында депутат «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Динара Райханова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Елімізде кітапхана инфрақұрылымының қазіргі жағдайы әлі де жаңғыртуды қажет етеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 3912 кітапхананың 85 пайызы ауылдық жерде орналасқан. Алайда соңғы 15 жылда кітапхана желісі төрттен бірге қысқарған. Кітапханалар — тұрғындар үшін маңызды мәдени және ақпараттық орталық. Ауыл кітапханаларында жылына 25 миллиондай келуші тіркелген. Бұл кітапханаларға деген сұраныстың тұрақтылығын көрсетеді. Дегенмен, бірқатар нысан қаржылық қысқарту кезінде жабылу қаупінде тұр. Сонымен қатар, кітапханаларды жаңғырту олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды да талап етеді. Мәселен, барлық кітапхананың тек 59 пайызы ғана интернетке қосылған, 32 кітапхана күрделі жөндеуді қажет етеді, 17-сі жылытылмайтын ғимараттарда орналасқан, 12-сі апатты жағдайда, — деді Динара Райханова Мәдениет және ақпарат министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында.

Осы орайда ол ауыл кітапхана қорлары ескіргенін атап өтті. Көптеген кітапхана ғимараттары қызмет көрсетуге және заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Кітапханаларда бұқаралық іс-шаралар, коворкинг, клубтар мен үйірмелер өткізуге арналған орындар аз.

— «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң жобасына жергілікті тұрғындардың пікірі мен келісімін ескермей ауылдық кітапханаларды жабуға немесе қайта ұйымдастыруға тыйым салатын норманы қосуды ұсынамыз.

Бұдан бөлек, кітап қорын толықтыру мәселесін қайта қарап, оқырмандар үшін мемлекеттік тілдегі заманауи танымдық және классикалық әдебиеттермен қамту механизмін қарастыру керек, — деді депутат.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив